31232

АТТ МҮШЕЛЕРІНЕ КУӘЛІК ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысына сәйкес «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерін даярлау және қайта даярлау курсы өз мәресіне жетті.

«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының директоры Индира Қилымбекқызы Беркімбаева оқыту курсының өтуіне атсалысқаны үшін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлына алғыс хат жариялады. Сонымен қатар курс нәтижесінде орталық басшысы Н.Берікұлы мен бөлім басшысы Нұрмұхамед Шәмшіұлына өңірлік ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі арнайы куәлігі табысталып, «Аңсар» орталығының мамандары сертификаттармен мараппатталды.

Комментарии закрыты.