Жексенбі күні ҚМДБ әйел-қыздар секторы және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен әйел жамағаты, қыз-келіншектер арасында «Денсаулық марафоны» болып өтті.
Алдымен ұзын қашықтыққа жүгіруден жарыс болып, әрі қарай көңілді эстафеталық ойынға жалғасты. Жарыс қорытындысында жеңімпаз қыз-келіншектер сыйлықтармен марапатталып, әр қатысушыға естелік сыйлықтар тарту етілді.