7a7c8161-9291-4366-a06c-10c5eb98c335

ЖАМАҒАТҚА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК «БІЛІМДІГЕ ДҮНИЕ ЖАРЫҚ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ БАСТАЛДЫ

Ақтөбе дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен «Білімдіге дүние жарық» тақырыбында жамағатқа арналған екі күндік семинар-тренинг басталды. Шараның алғы сөзін Ақтөбе дін істері басқармасы басшысы орынбасары Сабыров Сәбит Орынбасарұлы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин Берікұлы алып, шараны бастады.

Семинар-тренинг әрі қарай жалғасын «Хадистен үкім шығару мәселелері» тақырыбында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Талдыбаев Төлеген және «Құран іліміне кіріспе» тақырыбында Тыныштықов Асланбек «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының Маңғыстау облысы бойынша басшысы дәрістерімен жалғасты.

Комментарии закрыты.