70997704_2972158622798572_3863591753903544421_n(1)

«АДАМНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІ» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

Ақтөбе аруларына, әйел жамағатына арналған «Адамның интеллектуалдық қабілеттері» тақырыбында кезекті семинар-тренинг болып өтті. Аталмыш шараны «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Семинар-тренинг теориялық және практикалық екі бөліктен тұрды.

1-бөлігінде «Аңсар» орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы қарапайым ойлау мен шығармашылық ойлау, креативтілік, ой ұшқырлығы сияқты қабілеттер туралы ақпарат берді. Бұл қабілеттерді дамытудың бірден-бір жолы үнемі ізденіс, жаңа нәрсеге ашық болу екендігі де айтылды.

2-бөлігінде «Жарық» орталығының үйлестірушісі Қойшығұлова Анар интеллектуалдық қабілеттерді іс жүзінде сынау үшін қатысушыларға ойын ұйымдастырды.

Шара соңында дәстүрге сай белсенді қатысушыларға «Аңсар» орталығы тарапынан кітаптар сыйға тартылды.

Комментарии закрыты.