Әжелеріміз дәстүрімізге сай «табақ тарту» дәстүрімен әйел жамағатын таныстырып, мастер-класс өткізді. Бұл мастер-класта мал етінің мүшелерін тану және дәстүрге сай табақ тарту шарттары, мәні айтылды.
Шара соңында жамағатқа дастархан ұйымдастырылып, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы ұлттық психология қыр-сыры, дәстүр туралы ақпарат берді.