48b63d4d-8e02-49f9-b318-e1b90a256677

«МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ МІНЕЗІМ» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының маманы Эльмира Қайырғалиқызы «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен әйел жамағатына, қыз-келіншектерге «Мен және менің мінезім тақырыбында психологиялық семинар-тренинг өткізді.
Аталмыш шарада адам мінезінің сан алуандығы, ішкі » Мен» ұғымы, әйел мінезінің ерекшеліктері айтылып, адамның өз мінезін тәрбиелеуі турасында психологиялық құралдар беріліп, қатысушылар өз мінездеріне сараптама жасады. Және «Аңсар» орталығында іс-тәжірибеден өтуші психолог Танашева Даяна «Жақыныңа сыйлық сыйла» тренингін өткізіп, адамның вербальды емес қарым-қатынасының маңызын жеткізді.
«Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығының үйлестірушісі Қойшығұлова Анар қыз-келіншектерге зияткерлік ойын ойнатып, сәргіту сәтін жасады.
Сонымен қатар, кеш қонағы, жаттықтырушы Айнагүл Қалдыбайқызы спорттың әйел өміріндегі маңызына тоқталып, үй жағдайында жасауға болатын тиімді, жеңіл жаттығуларды көрсетті.

Комментарии закрыты.