72712478_946785945699412_4977396247840778261_n(1)

АҚТӨБЕДЕ ДЕРАДИКАЛДАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

Ақтөбе облысы әкімдігі, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жыл 23-24 қазан күндері шетелдік және қазақстандық дін саласындағы жоғары білікті мамандар арасында «Дерадикалдандырудың замануи тәжірибелері» тақырыбында халықаралық сараптамалық алаңы болып өтті деп хабарлайды @kazislam.kz.

«Дерадикаландарудың заманауи тәжірибелері» халықаралық сараптамалық алаңының алғашқы күнінде Мысыр, Түркия, Ресей, Татарстан, Дағыстан мемлекеттері және қазақстандық дін саласындағы білікті мамандар арасында тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сағаты өтті. Форумның екінші күнгі негізгі бөлігінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин алғыс сөз алып, форумды ашып берді. Сонымен қатар ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров, «Нұр Мүбарак» ислам мәдениеті университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы орталығының директоры Асқар Сабдин сөз сөйлеп, әрі қарай дерадикалдандыру бойынша өз тәжірибелерімен Мысыр, Түркия, Ресей, Татарстан, Дағыстан және республикаға белгілі қазақстандық теолог, дінтанушы, психолог мамандар, сарапшылар баяндама жасады. Атап айтсақ, Мәскеу мемлекеттік педагогика психология университетінің кафедра доценті – Павлова Ольга Сергеевна, Дағыстан мемлекеттік халық шаруашылығы университетінің Экстремизм және терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі ғылыми-тәжірибелік лабораториясының басшысы – Могомедов Хабиб Гаджиевич, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы – Мадих Абдулла, Павлодар облысы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры тарих ғылымдарының кандидаты – Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы – Хасан Матар (Мысыр), Әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры, ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының басшысы – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі – Чингужанов Рауан Жумабаевич, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы – Алшынбаев Қанат Мұханғалиұлы.

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері, Дінтану бөлімінің РҺD докторанты – Қалдыбеков Нұрбол Сейілбекұлы, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, докторант – Тәжібаев Серік Кажмұханұлы. Іс-шара барысында экстремизмнің психологиялық себептері мен алдын алу, жаһандану жағдайындағы қоғамның исламофобиясы мен дерадикалдандыру мәселелері және түрлі елдердің тәжірибесі негізінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету бойынша бірлескен үрдістерді жасауға бағытталған тақырыптар талқыланып, «Аnsar» медиа студиясының өнімі «Өкініш» бейне ролигі көрсетілді. Қазақстанда алғаш өткен форум нәтижесінде «Дерадикалдандырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбындағы халықаралық сараптамалық алаңының 150-ден астам терминнен құралған глоссарий және арнайы әдістемелік құрал дайындалу үстінде дейді ұйымдастырушылар.

Комментарии закрыты.