74655048_146213799942714_8897057161444517573_n(1)

ДЕРАДИКАЛДАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРА ӨТЕДІ

Дерадикалдандыру бағытында халықаралық шара өтеді деп хабарлайды @kazislam.kz

2019 жылдың 24 қазан күні Ақтөбе облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен шетел және қазақстандық дін саласындағы жоғары білікті мамандардың қатысуымен «Дерадикалдандырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбында халықаралық сараптамалық алаңы ұйымдастырылады.

Шара барысында экстремизмнің психологиялық себептері мен алдын алу, жаһандану жағдайындағы қоғамның исламофобиясы мен дерадикалдандыру мәселелері, сондай-ақ, өзге елдердің тәжірибесі негізінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету бойынша бірлескен үрдістерді жүргізуге бағытталған тақырыптар талқыланады. Шараға Мысыр, Түркия, Ресей және республикамызға белгілі қазақстандық теолог, дінтанушы, имамдар, психологтар, сарапшылар, сондай-ақ, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ЖАО қызметкерлері қатысады.

Сонымен қатар, шара қорытындысы бойынша Қазақстанда «Дерадикалдандырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбындағы халықаралық сараптамалық алаңының 150-ден астам терминнен құралған глоссарий және арнайы әдістемелік құрал басылып шығады.

Толығырақ: kazislam.kz

Комментарии закрыты.