71873795_498627754198010_4102083939857096210_n

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПТАМА АЛАҢЫНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ БАСТАЛДЫ

Ақтөбе облыс әкімдігі, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Дерадикаландарудың заманауи тәжірибелері» тақырыбында халықаралық сараптама алаңының негізгі бөлімі басталды.

Бұл шарада экстремизмнің психологиялық себептері мен алдын алу, исламофобия мен дерадикаландыру мәселелері бойынша алыс, жақын шет елдер мен қазақстандық тәжірибелер айтылады.

Шараға шетелдік қонақтар: Египет мемлекетінен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушылары Мадих Абдулла, Хасан Матар, Мәскеу мемлекеттік психология-педагогика университетінен Павлова О.С, Дағыстан Республикасынан Магомедов Х.Г. Татарстан Республикасынан Патеев Р.Ф. және облыс әкімі О.С. Оразалин, белгілі теолог А.Сабдин, «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры Қ.Құрманбаев, «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушылары, АТТ мүшелері, білікті теологтар, имамдар, ЖАО қызметкерлері қатысуда.

Комментарии закрыты.