Рисунок1

«ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ДӘРІСКЕРІ» БАЙҚАУЫНЫҢ 6 НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ 3-ЕУІН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ИЕЛЕНДІ

«Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы аясында өткізілген «Жылдың үздік дәріскері» республикалық байқауының 6 номинациясының 3-еуін Ақтөбе облысы иеленді.
Байқау ережесіне сай республиканың әр түкпірінен қатысқан 25 дәріскер алғашқы турда 5 минут ішінде ақпараттың құндылығын, өзектілігін жеткізіп, аудиториямен жұмыс жүргізді. Екінші тур жазбаша эссе тапсырылды. Ауызша және жазбаша тапсырмаларда өз шеберліктерімен озық шыққандар үздік деп танылды.
Атап айтсақ, •»Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы «Жалынды жас дәріскер»; •» Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Әділханова Эльмира Қайырғалиқызы «Креативті тұлға»; •Ақтөбе қалалық дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының басшысы Құдайберген Мақсат Мұратұлы «Парасатты тұлға» номинацияларымен марапатталып, 40 мың теңгелік сертификат және Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы куәлігінің иегерлері атанды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысынан «Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары» атағымен
•Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бас маманы Қалманов Мейірбек Камалбекұлы; •Шалқар ішкі саясат бөлімінің басшысы Исаев Қорғанбек марапатталып, 15 мың теңгелік сертификат иеленді.

Комментарии закрыты.