f3f24c32-92bf-47c5-a136-8f99f7dc956f

АҚТӨБЕДЕ РАТТ МҮШЕЛЕРІНІҢ 5 КҮНДІК ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің Ақтөбе облысындағы 4-8 қараша аралығындағы жұмысы басталды.

Алғашқы жұмыс күнінде РАТТ мүшелері Ақтөбе қалалық орталық мешіті «Әйелдер сауат ашу орталығында» болып, «Мұсылман әйелдің заманауи қоғамдағы орны» тақырыбында дәріс, уағыз-насихат өткізді.

Шараның алғашқы бөлігінде дінтанушы, Л.Гумилев ат. ЕҰУ дінтану кафедрасының доценті Әлімқұлова Салтанат Бектемірқызы исламның негізгі қағидаттары қазақ халқының қанына сіңіп, болмысына айналғанын салт-дәстүрде көрініс тапқан нақты мысалдармен түсіндірді.

Өз кезегінде теолог, ҚМДБ әйел-қыздар секторының меңгерушісі Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы қазіргі қоғамдағы мұсылман әйелдің рөлі, күнделікті өмірдегі мейірім, сабыр, махаббат атты құндылықтардың қолданылуы турасында сөз қозғады. Кешке келген жамағат алған білім, өткізген пайдалы уақыт, жылы атмосфера үшін алғыстарын жаудырды.

Комментарии закрыты.