Рисунок3

ДІНТАНУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Қала мектептерінің дінтану пәнінің мұғалімдеріне дінтанушы, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ Дінтану кафедрасының доценті Әлімқұлова Салтанат Бектемірқызы «Дінтану пәні және мемлекеттің дін саласындағы саясаты» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында дінтану пәнінің ғылыми және тәжірибелік негіздері талқыланды. Семинар соңында сұрақ-жауапқа уақыт бөлініп, ұстаздар қоғамдағы өзекті діни мәселелерге байланысты сұрақтарын қойып, дінтанушы маманнан жауаптарын алды. Және РАТТ жұмысын жергілікті «Рика» телеарнасы түсіріп, спикерден сұхбат алды.

Комментарии закрыты.