Рисунок2

РАТ ТОБЫ АЛҒА АУДАНЫ ЖӘНЕ БЕСТАМАҚ АУЫЛЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Нұр-сұлтан, Алматы қалаларынан іссапармен келген Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы Алға ауданы және Бестамақ ауылында әйел жамағаты, қыз-келіншектерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Алға ауданы, «Мұхаммедқазы Меңдіқұл хазірет» мешітінде дінтанушы Әлімқұлова С.Б. және теолог Тілегенова А.Қ. «Бақытты отбасын құрудың құпиялары» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында жар таңдау, отбасын құрардағы ата-ана разылығы мәселелері көтерілді.

Бестамақ ауылы мешітінде теолог Қаңтарбаева А.Т. және психолог Ұзақбаева Л.Е. «Исламдағы әйел мәртебесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Шараға қатысқан қыз-келіншектер спикерлерге разышылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Комментарии закрыты.