2ddc2e12-6cc6-4af1-9c48-9d9d5ddf959d

«ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ НЕДЕН ТҰРАДЫ?» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

РАТТ мүшелері әйел жамағатымен дастархан басында «Әйел бақыты неден тұрады?» тақырыбында еркін әңгіме дүкен құрды. Еркін форматта өткен семинар-тренингте дінтанушы Әлімқұлова Салтанат Бектемірқызы отбасы бақыты тікелей әйел бақытына, ана бақытына қатысты екенін айтты.

Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы әйел затының өзіне деген махаббатынан айналаға да сүйіспеншілігі артады деген ойды жалғап, ислам тарихынан танымдық мысалдар келтіре отырып, әңгіме өрбітті.

Дастархан басына жиналған арулар өз сырларымен бөлісіп, өмірлерінен тағылымдық әңгімелер де айтты.

Комментарии закрыты.