75356919_2418681798460280_4796543472431529984_o

АДАМНЫҢ 5 ТҮРЛІ ПОТЕНЦИАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИСЛАМ ДІНІМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Мералы Раушан іссапарда болып, әйел жамағатына «Адамның 5 түрлі потенциалы және оның ислам дінімен байланысы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Тың, заманауи ақпараттан оқырманға сый:
PQ -адамның физикалық күш қуаты, денсаулығының мығым болуы;
IQ-адамның интеллектуалды қабілеті;
EQ- адам сезімінің дұрыс басқарылуы;
VQ- адамның энергиялық қуаты;
SQ-адамның рухани қуаты.
Егер әр адам осы 5 потенциалын дұрыс, тиісті деңгейде жұмсай білетін болса, ол адам еш уақытта деградацияға ұшырамайды дейді теолог маманымыз.

Ендеше әр адамның жаратылысынан бері бойында бар  потенциалын дұрыс қолдана білетін мүшелері бар қоғамда бүлік орын алмайды, дін атын жамылған теріс пиғылдылардың арандатуына ермей, әр мұсылман ислам мәдениетінің дамуына үлес қосады. Өйткені шын мәнінде ислам деннің саулығын, білім-ғылымды және мейірімді насихаттайды.

Комментарии закрыты.