75181380_2418606288467831_3729827523438051328_o

АҚТӨБЕ ТЕОЛОГТАРЫ «ХАЛЫҚТЫҢ ДІНТАНУЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ПӘРМЕНДІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің ұйымдастыруымен дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған «Халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының пәрменділігі» атты семинар өтуде. ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Е.Б.Нүкежановтың төрағалығымен өтіп жатқан екі күндік семинарға Ақтөбе өңірінен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары, теолог Төлеген Өмірзақұлы және орталық теологтары Нұрлыбек Панабайұлы, Нұрбол Аханұлы және «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Күзенбаев Нұрлыбек қатысуда.

Өз кезегінде еліміздегі діни ахуалды тұрақтандыруда қосқан үлесі, айтулы еңбегі үшін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары, теолог Төлеген Өмірзақұлы арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Төлеген Өмірзақұлын марапатымен құттықтаймыз! Ұжым атынан ісіңізге береке, еңбегіңізге табыс тілейміз!

Комментарии закрыты.