75627308_2424682341193559_51941010900516864_n

ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрбол Аханұлы «Дін мен дәстүр тағылымы» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, сұхбаттасты. Кезекті келелі сұхбат №34-ші мектеп оқушыларымен және мектеп ұжымымен өтті.

Үлкендеріміз жиі айтатын «Сақтансаң, сақтармын» деген сөзге сүйеніп, жоғары сынып оқушыларына жат ағымдардың саясаты, ел ішіне ылаң салудағы мақсаты, дәстүрлі дін мен сырттан таңылған жат түсінікті ажырату жолдары айтылды. Айтылған әңгіме жас буынның есінде қалуы үшін кездесу соңында жат ағым шырмауына түскен ақтөбелік жігіттің «Өкініш» атты бейне ролигі көрсетілді.

Комментарии закрыты.