78128643_2429686017359858_1146961696317767680_n

«ОҚЫРМАН ОЙЫ» КІТАПСҮЙЕРЛЕР ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

«Оқырман ойы» кітапсүйерлер отырысында Бұрһануддин Зарнижидің «Тәлімгер тағылымы» атты кітабы талданды. Кітапты алдын-ала оқып, дайындықпен келген кітапсүйер қыз-келіншектер ілімнің пайдасы, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас, білім алудың ерекшеліктері және ілімге талпынған шәкірттерге керекті ақыл-кеңестерді біліп, тиімді жаттығулармен танысты.

Көлемі шағын болғанымен, бірнеше кеңеске жүк болар мазмұны көлемді кітапты оқырмандар тағы бір талқылауға уағдаласып тарқады. Келесі «Оқырмандар ойы» отырысының хабарландыруы @ansarcn парақшасында жарияланады. Жіберіп алмаңыз. Кітаптың электронды нұсқасын 8(776) 074 17 07 нөмірінен ала аласыз.

Комментарии закрыты.