78054229_2430599343935192_4071528077761445888_n

ТЕМІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫ «ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҚ» МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде «Ансар» кеңес беру-оңалту орталығының басшысы Төлеубай Ә.С., «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Разақов Н.Ш., және «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Дәрменов Қ. «Жеті рухани қазық» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш шарада қазіргі таңдағы діни ахуал, салт-дәстүрдің шығу төркінін ұмытып, алшақтау жат ағымға қарсы тұрар иммунитеттің әлсіреуіне әкеліп жатқандығы, әсіресе ғаламтор желісінде ақпарат іздерде, таратарда абай болу керектігі айтылды. Бұл шараға ауыл ақсақалдары, еңбек ардагерлері, мектеп ұстаздары қатысты.

Комментарии закрыты.