78649484_2431688640492929_7626657119239929856_n

«АҢСАР» МАМАНДАРЫ Қ.ЖҰБАНОВ АТ. АӨМУ СТУДЕНТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог, психолог мамандары Қ.Жұбанов ат. АӨМУ студенттерімен «Дін және қоғам» тақырыбында кездесу өткізді.

Аталмыш кездесудің бірінші бөлігінде орталығымыздың теолог маманы Такеев Н. қоғамда көптеп талқыланатын діни мәселелерді қозғап, шығу тарихына тоқталды. Өз кезегінде теолог маман Мералы Р. заманға сай жаңа біліммен бөлісіп, адамның бойында бар 5 қуатпен таныстырды. Кездесу соңында психолог Эльмира Қайырғалиқызы студенттерді сергітіп алып, ең мықты адам – өзі және өзгенің кеңістігін сыйлай білген жан екендігін айтты.

Комментарии закрыты.