78494796_2431480150513778_6396960630380691456_n

СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАТ АҒЫМНЫҢ «СМАРТФОНМЕН» АРБАУ ӘДІСТЕРІ АЙТЫЛДЫ

Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Н.Ш.Разақов «Байланыс және электротехника» колледжінің студенттеріне жат ағымдардың әлеуметтік желілерде жұмыс жасау жүйесі, олардың сипаттары және сақтану жолдары туралы ақпарат берді.

Интернет желісіндегі жат ағымдар торына түспес үшін: – интернет желісіндегі толассыз діни ақпараттарға сын көзбен қарау, ҚМДБ бекіткен ресми парақшаларды ғана пайдалану; –өзіңіз мағынасын түсінбейтін неше түрлі арабша жазылған картинкаларды таратпау, әлеуметтік желіге салмау; – бала мен ата-ана арасында діни ақпарат іздеуде өзара сенім қалыптастыру, яғни бала әлеуметтік желідегі өзі оқитын парақшаларды еш жасырмай, ашық түрде ата-анасына көрсете алуы керек, ал ата-ана дұрыс бағытқа сілтеп, қолдау білдіре алуы керек; – интернеттегі кез-келген ақпаратты қатаң сүзгіден өткізіп, тек пайдалы жағын ала білу керек; – діни білімді онлайн емес, діни салада оқыған жергілікті білім иелерінен алу керек.

Дінге қызығушылығы не қандай да бір діни мәселеге байланысты сұрағы бар жанға «Аңсар» орталығының есігі ашық.
Мекен-жайымыз: М.Оспанов, 96.
Сенім телефоны: 8 776 074 17 06

Комментарии закрыты.