79151766_2437627156565744_8014778822559793152_n

ОФЛАЙН МАРАФОННЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ БАСТАЛДЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының әйел жамағаты, қыз-келіншектерге арналған офлайн марафоны өз жұмысын бастады.

Марафонның алғашқы күнінде Бисенғалиева Роза ұстаз «Ислам әдібі» кітабы бойынша көпшілік байқай бермейтін, бірақ мұсылман өмірінде орын алуы тиіс әдептер жөнінде айтты.

Және қазақ қолөнерінен орталық маманы Жансұлу Мақсатқызы үй жағдайында жасауға болатын оюлы көрпе, жастық тыс үлгісін көрсетті.

Марафонның екінші бөлігінде орталық психологы Эльмира Қайырғалиқызы «Базалық психология» бойынша ақпарат беріп, мінез және темперамент, сана және бейсана, адамның 3 күйі турасында сөз қозғады.

Офлайн марафон әрі қарай жалғасын табатын болады. Келесі кездесу бейсенбі сағат 14.00. Келем деушілерге есігіміз ашық.

Комментарии закрыты.