78429426_2441629672832159_6552289015993729024_o

АҚТӨБЕЛІК ЕРІКТІЛЕР ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

— Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының «Аңсар еріктілері» тобы «volunteer.kz» халықаралық еріктілер форумына қатысып, белсенділігі үшін облыс әкімі О.Оразалиннің алғыс хатымен марапатталды деп хабарлайды @kazislam.kz.

«Биылғы жылдың наурыз айында құрылған «Аңсар еріктілері» тобы аз уақыттың ішінде көптеген шараларда белсенділігімен көзге түсе білді. Басқа да ерікті топтармен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлескен қайырымдылық шараларын жүзеге асырды. … –Әр аптаның сенбі күндері «Аңсар»орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Оқырмандар клубы», «Кейіпкермен сұхбат», «Кино Тайм», «Психологиялық семинар-тренинг» шараларына қатысып, өздерін шығармашылық жағынан дамытты» — дейді Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин.

Ақпарат көзі: kazislam.kz

Комментарии закрыты.