f1ca4df8-6a19-4d57-9c2b-9a2f664c5807

«АҢСАР ЕРІКТІЛЕРІ» АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

Бүкіләлемдік еріктілер күніне және «Еріктілер жылы- 2020» орай @jasaqtobe ұйымдастыруымен Volunteer.kz халықаралық форумы болып өтті. Бұл форумға Ақтөбе қаласы және аудандарында жұмыс жасайтын 35 еріктілер тобы шақыртылып, ел мүддесі үшін үлкен күш жұмсап, тегін тер төгіп жүрген үздік еріктілер топтары марапатталды.

Үздіктер қатарынан құрылғанына аз уақыт болса да, еңбегімен, тың, креативті идеяларымен көзге түскен @ansar_eriktileri де табыла білді. Топтың белсенді мүшесі Салқынбай Сағадат «Аңсар еріктілері» атынан облыс әкімінің алғыс хаты және кубогімен марапатталды. Бұл марапатты табыстаған облыс әкімінің орынбасары Марат Лұқпанұлы еріктілер жұмысы таныстырылған жәрмеңкеде «Аңсар еріктілерінің» жұмыс портфолиосымен танысып, жоғары бағасын берді.

«Аңсар еріктілерін» кезекті жүлдесімен құттықтаймыз! Әрқайсыңызға амандық, істеріңізге береке тілейміз

Комментарии закрыты.