80346429_2452438478417945_2401398309198495744_n

«АНА МЕН БАЛА ӘЛЕМІ» ФОРУМЫНДА «АҢСАР ЕРІКТІЛЕРІ» ҚОЛҒАБЫС ЕТТІ

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығының @zharyk__aktobe ұйымдастыруымен «Ана мен бала әлемі» атты форумда «Аңсар еріктілерінің» @ansar_eriktileri арулары қолғабыс етті.
 Аталмыш форумда аналар мен қыз-келіншектерге психолог Дуанаева Шұғыла ханым ананың өзін жақсы көріп, энергиясы толық болуының маңызы, әке мен ана қарым-қатынасы, дені сау, жаны сау ұрпақ үшін әкенің жарына деген, баласының анасына деген дұрыс қатынасы туралы сөз қозғады. .
«Аңсар еріктілерінің» форумға аналарымен келген бүлдіршіндерге бас-көз болып, түрлі үйірмелерге жетекшілік етіп, шеберлік сағатын көрсетуші мамандарға көмектесті.
Форумда: Ең кішкентай бүлдіршіндер тобына сурет салу;
Ағылшын тілі;  Таеквондо;
Футбол; Тоқыма, киіз басу;
Бисермен жұмыс;
Шахмат, шашкі ойындары өтті.
.
Келген қатысушылар форумның форматы ерекше, ауқымды, білімі пайдалы, күні ыңғайлы деп алғыстарын жаудырды. Ғылыми негізі бар таза білімге ұмтылып жүрген сіздерге де алғыс айтамыз.

Комментарии закрыты.