79037593_2447691968892596_976230836426768384_n

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ЖЫЛ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

 ҚР ұлық мерекесі Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттің дін саясатын жүзеге асыруда, халық арасында түсіндіруде нәтижелі қызмет атқарған барша мамандарға алғыс білдіріліп, белсенді мамандар, ерікті жастар, қолдау көрсеткен ұйымдар, оқу орындары марапатталды.
Мерекелік шараны ашқан «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы: «Жыл бойғы нәтижелі жұмыс тек қана бірнеше адамның емес, барлығыңыздың еңбектеріңіз. Өз кезінде АҚШ президенті Дж. Кеннеди NASA орталығының еден жуушысынан «Сіз немен айналысасыз?» дегенде, «Айға адам ұшырамын» деп жауап беріпті. Осы мысалдағыдай еліміздегі діни ахуалдың тұрақтануына, дұрыс түсінік қалыптасуына әрқайсыңыздың тікелей үлкен еңбектеріңіз бар»,-деп сөз бастап, шара тізгінін Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Руслан Сейдағұлұлына берді.
 Әрі қарай Руслан Сейдағұлұлының төрағалығымен марапат иелеріне сыйлары табысталып, келген мамандар мен ерікті жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
 Тәуелсіздік мерекесімен және де марапаттарыңызбен тағы бір мәрте құттықтаймыз!  Біз әрқайсыңызбен мықтымыз! Бірлесіп жұмыс атқарғандарыңызға алғыс!

Комментарии закрыты.