79008332_2448616628800130_5093217917495934976_o

ҚҰРАН, АҚИДА, ФИҺҚ ІЛІМДЕРІ БОЙЫНША САБАҚТАР

Құрметті Қарғалы ауданы, Петропавл ауылының тұрғындары! Сіздер үшін көптен күткен тамаша жаңалық! Теолог, Қазан қаласындағы Ресей Ислам Институтының түлегі Бисембаева Роза ұстаз «Құран, ақида, фиһқ ілімдері бойынша сабақтар» өткізеді. Сабаққа қатысу тегін.
Әйел жамағаты, қыз-келіншектер үшін *жұма күні сағат 15.00-16.00* аралығында;
Ер жамағаты үшін *сенбі күні сағат 15.00-16.00* аралығында.
Мекен-жайы: Қарғалы ауданы, Петропавл ауылы, Төтенше жағдайлар қызметінің ғимараты (МЧС).
Тіркелу үшін: 8 771 187 19 71 ватсап нөміріне аты-жөніңізді жазып жіберіңіз.
Қасиетті Құранда: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!» деген.(» Зумар» сүресі, 9-аят). Ендеше білім иесінен үйреніңіз.

Комментарии закрыты.