80390956_2452643815064078_2211802359510597632_n

OFFLINE МАРАФОНДА БЕЙСАНАНЫҢ СЫРЛАРЫ МЕН ОТБАСЫ ӘДЕБІ АЙТЫЛДЫ

Желтоқсан айы бойы өтетін Offline марафонның 5-күнінде психолог Эльмира Қайырғалиқызы «Бейсананың сырлары» тақырыбында практикалық жұмыс өткізді. Практикалық жұмыс барысында қатысушылар топ-топқа бөлініп, бейсанадағы сезімдерді түсіну, өкпе-реніжтен тазару, айналадағы жақсылықты көру туралы жаттығулар жасалып, тапсырмалар берілді.

Марафонның екінші бөлігінде теолог Роза Бақытқызы «Отбасы әдебі» туралы дәріс өткізіп, ер мен әйел, ата-ана мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы айтты. Келген қатысушылар да өз өмірлеріндегі әдемі сәттермен бөлісіп, ұстаздарға алғысын білдірді.

Комментарии закрыты.