«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен желтоқсан айы бойына өтіп жатқан offline марафонның 6-күнінде «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірбаяны» мен «Кәсіп жасаудағы әлеуметтік желілердің маңызы» тақырыптары талданды.
Марафонның бірінші бөлігінде Мералы Раушан ұстаз «Пайғамбарымыздың(с.ғ. с.) Мәдина қаласындағы алғашқы жылдары туралы сөз қозғады. Келесі бөлігінде медиа маман Гүлзат Мұратқызы «Онлайн кәсіпте әлеуметтік желілерді тиімді қолдану» тақырыбын тарқатып, Балзира Қуанышбайқызы «Кәсіп жасаудың қазақша жолын» түсіндірді.