80799924_2457450061250120_6863914340999757824_n

«ДІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді.
ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңы аясында «Дін және мемлекеттің арақатынасы» тақырыбы талқыланып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде дәріс өтті. Сонымен қатар, ҚР тыйым салынған жат ағымдардың зияны, олардың әлеуметтік желілердегі арандату тактикалары айтылды.

Комментарии закрыты.