80788214_2458420504486409_9094016838899073024_n

ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ШАХМАТ, ДОЙБЫ, ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 Ақтөбе қаласындағы КА-168/2 түзету мекемесінде «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Разақов Н.Ш. және теолог маманы Такеев Н.П. жүргізуімен «Тәуелсіздік» мерекесіне орай шахмат, дойбы,үстел теннисінен спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Жарыстың соңында жеңімпаздар марапатталып, дастархан жайылды. Дастархан басында Тәуелсіздіктің тарихы мен маңызы туралы насихат айтылып, Пайғамбар (с.а.у) Мадина қаласында ешқандай күш қолданбастан, жүректерді жаулау арқылы, халықтың таңдауымен құрылған алғашқы Ислам мемлекетінің тәуелсіздігі туралы да сөз қозғалды.
Қатысушылар спорттық шараға белсенді қатысып, ұйымдастырушыларға алғыс пен алдағы уақытта бұндай шаралар жалғасын тапса деген тілектерін жеткізді.

Комментарии закрыты.