80785373_2464910520504074_5997069612863193088_n

БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАСАЛДЫ

 Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Жәнібекұлының төрағалығымен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бір жылғы жұмысына қорытынды жасалды. Биыл дін саласындағы қызметте Ақтөбе облысында нәтижелі жұмыстар жүргізіліп, жұмыстың бұқаралық сипат алуы өз жемісін берді. Бұған дәлел орталық мамандарының республикалық, облыстық деңгейде бірқатар марапатқа ие болып, жамағатпен жұмыс барысында ел алғысына бөленуі, қаламызда «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің дайындық курсы ашылуы және де аталған университетке облысымыздан 19 студент түгелдей мемлекеттік, облыстық гранттарға түсуі, бірнеше халықаралық форумдар т.б. нәтижелі жұмыстар екендігі айтылды.
«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н. Берікұлы орталықтың келер жылғы жоспарларымен бөлісіп, орталық мамандары жалғасын табу керек нәтижелі жұмыстар мен ескерер жайттар туралы өз ойларымен бөлісті.

Комментарии закрыты.