81742398_2461586014169858_162197773486129152_n

OFFLINE МАРАФОН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Аңсар» орталығының ұйымдастырумен желтоқсан айы бойы жүргізілген Offline марафон өз мәресіне жетті. Марафонда шәкірттер ұстаздың алдында отырып, «Ислам әдебі», «Базалық психология», «Пайғамбар(с.ғ.с.) өмірбаяны»,»Кәсіп, SMM құпиялары» бағыттары бойынша білімдерін жетілдірді.
Марафонның қорытынды күніне қатысушылар бұған дейінгі алған білімдерімен бөлісті. Базалық психология бойынша өздері спикер рөлінде ортаға шықты. Ислам әдебінде Роза ұстаз ситуациялық жағдаят беріп, арулар бұл тапсырмадан да көркем шыға білді. Қатысушылар сира сабағы бойынша жасырын суреттерден оқиғаны тапса, SMM бөлімінде өз сезімдерін смайликтермен көрсетіп, кәсіп саласы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
 Марафон соңында қатысушылар ыстық лебіздерін, алғыстарын өлеңмен жеткізіп, әлеуметтік желідегі жазбаларын оқып берді. «Аңсар» орталығы өз тарапынан белсенді қатысушыларға кәдесый таратты.

Комментарии закрыты.