3842a135-2313-47cf-8b17-d8c8f218ec92

ЗАҢДЫ БІЛМЕУ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТҚАРМАЙДЫ

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы тарапынан «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің 7 мыңға жуық қолданушыларына мониторинг жасалып, 20 мыңнан аса аккаунтқа сараптама жүргізілді. Нәтижесінде Ақтөбе облысының 2 азаматына ҚР аумағында тыйым салынған діни аудио, бейне және электронды кітап сақтағаны үшін ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық кодексінің 453-ші бабының 1-ші бөлігі бойынша 20 АЕК (53 020 теңге) есебінде айыппұл салынды.
Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары, сіздерге әлеуметтік желілердегі күмәнді, теріс діни парақшаларға тіркелуге, материалдарын таратуға, сақтауға болмайтынын ескертеміз!

Комментарии закрыты.