кимешек

НАЗАР САЛЫҢЫЗ! АҢСАРДА «КИМЕШЕКSTYLE» ФЕСТИВАЛІ

Бүкіләлемдік орамал күніне орай Ақтөбе қаласының ақ жаулықты әжелері мен ару қыз-келіншектерін «КимешекStyle» фестиваліне шақырамыз.
Фестивальде:
– Қазақ ұлттық бас киімдерінің тарихы; – Әлем халықтарының ұлттық бас киімдері галереясы;
– Қазақ қолөнері жәрмеңкесі және бұдан бөлек әдемі көңіл-күй, сый-сияпат, пайдалы білім, танымдық шаралар күтеді.
Фестивалге ұлттық киім үлгісімен келіңіздер. Ең әдемі қазақша киім, ерекше орамал тағу үлгісімен келген арулар мен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталады.
Аруларымызға ғана арналған әдемі кештен қапы қалмаңыз! Кіру тегін.
Өтетін орны: «Анаға тағзым» кешені, Батыс-2 ауданы, 9 Б.
Өтетін уақыты: 2 ақпан, сағат 09:00-14:00

Комментарии закрыты.