82628111_2486943608300765_8393174095696494592_n

ӘСКЕРИ КУРСАНТТАРҒА ЖАТ АҒЫМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ АРБАУ ТӘСІЛДЕРІ АЙТЫЛДЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Разақов Н.Ш. әскери техникалық мектептің курсанттарымен «Әлеуметтік желідегі деструктивті діни бағыттың арбауы» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Нұрмұхамед Шәмшіұлы ғаламтор желісіндегі дін ақпаратты қатаң сүзгіден өткізіп, ресми мекемелердің аккаунтарынан ғана мағлұмат алу керектігін ескертті. Курсанттар өз тарапынан елдегі діни ахуал бойынша сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Бұдан бөлек психологиялық тренингтер өткізілді.

Комментарии закрыты.