e6d2bbe2-8348-4880-bcde-c536fe67094d

«АҢСАР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин ғаламтор желісіндегі ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен жүргізіліп жатқан қарсы насихат турасында баяндама жасады. Ғаламтор кеңістігінде деструктивті діни ағымдарға қарсы насихат жүргізудегі тиімділікті арттыру үшін Ақтөбе облысындағы 12 аудан бойынша қарсы насихаттау бағытында жұмыс жасайтын әлеуметтік желілерге жауапты мамандарға «Жедел чат» құрылып, «Аңсар» орталығы тарапынан аудандарға әлеуметтік желілерді тиімді жүргізу, материал жариялау бойынша бағыт-бағдар берілуде. 2019 ж. қыркүйек айында аудан мамандарына «Әлеуметтік желіні тиімді жүргізу» бойынша семинар өркізіліп, арнайы SMM маманы шақырылған болатын, нәтижесінде бірқатар аудандардың әлеуметтік желілермен жұмысында оң өзгерістер байқалуда.
«Аңсар» орталығы басшысының орынбасары, теолог Т.Талдыбаев оңалту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарының кезеңдеріне тоқталды:
1. Теологиялық;
2. Психологиялық;
3. Әлеуметтік. Және пробация есебінде тұрған және «Жусан» операциясымен елге оралған азаматтармен жұмыстың ұтымды тәсілдерін қолдану және жұмысты күшейту жөнінде сөз етті.
Өзге өңірлерден маман шақырту жұмысына оңалту жұмыстарымен айналысатын тәжірибелі мамандарды тарттыру, шақырылатын мамандар базасын алдын-ала жасақтау ісі көтерілді.
Ақтөбе облысының өкіл имамы Т.Оспан аудандардағы мешіт құрылысы және ондағы кадр тұрақсыздығы сияқты маңызды мәселелерді ортаға салды. Жиналыс соңында еркін форматта пікір алмасып, алдағы ақпан айындағы атқарылатын аудандарға іссапар жөнінде жоспар таныстырылды.

Комментарии закрыты.