40a4ab3d-5f70-48f2-9b1c-847bca34cde0

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ М.ТОҚЖАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Тоқжановтың төрағалығымен жиналыс өтіп, өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру жұмыстары пысықтылды. Жиналысқа Ақтөбе облысының дін істері басқармасы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшылары, облыс және қала мешіттерінің бас имамдары, аудандардағы ішкі саясат басшылары, дін мәселелерін зерттеу орталықтарының басшылары қатысты.
Жиында 2019 жылдың қорытындысы талқыланып, оң нәтижелер мен ескерер жайттар сөз болды. Сонымен қатар, 2020 жылға бекітілген мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру, жоспарды талқылау, Қоғамдық және ақпараттық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес дін саласында атқарылу тиіс негізгі 3 бағытты түсіндіру көзделді.
Атап айтсақ,
1. Ақпаратттық түсіндіру жұмыстары арқылы алдын-алу шараларын жүргізу;
2. Жат діни ағым ықпалынан оңалту, дерадикалдандыру;
3. Ғаламтор кеңістігінде жат ағымға қарсы насихат жүргізу.
Өз кезегінде, Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев 2019 жылғы діни ахуалға, атқарылған жұмыстарға шолу жасады.

Комментарии закрыты.