4ca55b52-f1e1-401f-9a74-ed4881ebc186

ЖЕЛІДЕ ЗАҢСЫЗ ДІНИ УАҒЫЗ ЖҮРГІЗГЕН АҚТӨБЕЛІК ӘЙЕЛ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу нәтижесінде қала тұрғыны Дәметкен Құлтаеваның діни уағыздарды кедергісіз жүргізу туралы тиісті құжатының жоқтығына қарамастан дін ұстанушылары арасында уағыз-насихат жүргізгенін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 490-шы бабы бойынша, яғни «миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асырғаны» үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, «Вконтакте» әлеуметтік желісіне де мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүріп жатыр.

Өткен жылдың 4 тоқсанында 20-дан аса парақшаға діни сараптама жүргізіліп, 2 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453-бабы 1 тармағы бойынша 50 500 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Сондай-ақ, дін істері басқармасы теолог мамандармен бірге әкімшілік жазаға тартылған азаматтарға арнайы профилактика жұмыстарын жүргізумен айналысуда.

Дереккөз: KAZ.NUR.KAZ

Комментарии закрыты.