83758244_2498617610466698_4210885958196789248_o

«КИМЕШЕК STYLE»: АҚТӨБЕДЕ ҰЛТТЫҚ БАС КИІМГЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Ақтөбе қаласындағы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық бас киімдері туралы тың мағлұматтар беріп, жас ерекшеліктеріне сай бас киім үлгілерімен таныстырды. Бұл жайлы аталған орталықтың ресми парақшасы ақпарат таратты деп жазады @durbi_gazeti.⠀⠀⠀
⠀⠀⠀
Теолог маман Роза Бақытқызы келіндер мен әжелердің кимешек кию ерекшеліктеріне тоқталды. Кимешек түрлері: орама кимешек, қатырма жаулық, шылауыш туралы ақпарат беріліп, жас келін перзентті болғанда жасалатын «Кимешек кигізу салты» туралы айттылды. Жас келін ана атанғанға дейін желек жамылып жүрген екен. ⠀⠀⠀
⠀⠀⠀
Орталықтың психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы ұзатылған қыз киетін, аса бағалы, биік төбелі салтанатты бас киім – сәукеле туралы ақпарат берді. ⠀⠀⠀
⠀⠀⠀
Өз кезегінде Гүлзат Мұратқызы қасаба, тақия, кәмшат бөрік, қарқара сияқты қыздар бас киіміне тоқталды. Қасаба-артында желегі бар аса ұқыптылықпен, зерлі тігістен басқа да әртүрлі моншақтармен, күміс теңгелер, маржан тастармен әшекейленетін бас киім. Қасаба көбіне төре, сұлтандардың қыздары киетін баскиім саналған.

Комментарии закрыты.