84930014_2499601747034951_8428710530549547008_n

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Имағанбетов Қайрат Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің студенттерімен «Дін және экстремизм» тақырыбында кездесу өткізді.
⠀⠀⠀
Имағанбетов Қайрат ислам дінінің әлемге таралуы мен экстремисттік топтардың әрекетіндегі алшақтықтарды жеткізді.
⠀⠀⠀ ⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Өз кезегінде «Аңсар» орталығында өндірістік практикадан өтуші Қ.А.Ясауи ат. халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дінтану» мамандығы 4-курс студенті Ермағанбетов А.Ә. «Дін» терминіне дінтанулық анықтама және діни көзқарасты келтіріп, студенттердің «экстремизм» жөнінде пікірлерін білді. Практикант Алтын Әділқызы экстремизмнің саяси, экономикалық, діни, т.б. түрлері болатынын. Дін мен экстремизм екі бөлек ұғым екендігін, дін бейбітшілікті насихаттаса, экстремизм керісінше бейбіт өмірді түбегейлі жоюға әрекет ететінін жеткізді.

Комментарии закрыты.