27d0151b-e0ce-4907-983f-c62cc0876561

ЖАТАҚХАНАДА ҚЫЗ БАЛАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің жатақханасының қыз балаларымен кездесті.
⠀⠀⠀
Теолог маман Роза Бақытқызы ислам дініндегі ата-ана қадірі мен ұстазды сыйлау тұрғысында сөз қозғап, отбасы құндылықтары жөнінде айтты.
⠀⠀⠀
Психолог маман Эльмира Қайырғалиқызы отбасы мүшелерімен, қоғамда араласатын орта, жора-жолдас, ұстаздармен қалай дұрыс қарым-қатынас құру керектігі жөнінде айтып, әр тұлғаның өзіндік сөйлесу тілі болатынын жеткізді.
⠀⠀⠀
Өз кезегінде «Аңсар» орталығына өндірістік тәжірибеден өтуші, Қ.А.Ясауи ат. халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дінтану» мамандығы 4-курс студенті Инабат Ақылбекқызы жат ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдары туралы ақпарат берді.

Комментарии закрыты.