cc88010a-3071-40b1-b1d9-4faf9e2789a2

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БЕКІТКЕН ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АУДАНДАРҒА ІССАПАР БАСТАЛДЫ

Облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы облыс әкімінің орынбасары Тоқжанов М. бекіткен жоспарға сәйкес аудандарға іссапарын бастады. ⠀⠀⠀
⠀⠀⠀
Алғашқы іссапар Хромтау ауданында белгіленіп, ақпараттық түсіндіру тобы аудан әкімі Нағымжан Смағұлұлының қабыллауында болды. ⠀⠀⠀
⠀⠀⠀
Аталмыш қабылдауда аудандағы діни ахуалды тұрақтандыру бойынша жұмыстар талқыланып, екі жақты пікір алмасу болды.
Және облыстық ақпараттық түсіндіру тобы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының тарапынан Хромтау ауданындағы діни ахуалға талдау жүргізіліп, дін мәселелерімен айналысатын аудандық орталыққа әдістемелік көмек көрсетілді.
Өткен жылдағы аудан жұмысы, жеткен нәтижесі сарапқа салынды. Жіберілген қателіктерге уақытылы тузету енгізілді. Биылғы 2020 жылда басты назарға алынып отырған 3 негізі бағыт бойынша нұсқаулықтар және бірқатар ұсыныстар берілді

Комментарии закрыты.