ecf5259b-5611-4d50-b067-75d8e7e57ede

ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ №4-МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының құрамында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин және Хромтау ауданының теологы Айбек Тұрсынұлы №4-мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында жат ағымдардың белгілері, олардан қорғану жолдары айтылды. Діни ақпаратты ресми, сенімді ақпарат көздерінен алу керектігі жеткізілді.

Және облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог Такеев Н. Хромтау қаласының №6-мектеп гимназиясында семинар-тренинг өткізді. ⠀⠀⠀
⠀⠀⠀
Семинар-тренинг «Деструктивті діни ағымдарды қоғамнан ажырата білу және олардан сақтану жолдары» тақырыбын қамтып, семинарға жоғары сынып оқушылары, ата-аналар, гимназия ұстаздары қатысты.

Комментарии закрыты.