c7a1a9ac-a01a-4c15-9d43-1740c6b1333e

ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

Облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы Хромтау ауданында жаңадан ашылған әйел-қыздар секторының жұмысымен танысып, дәріс өткізді.
⠀⠀⠀
Теолог маман Роза Бақытқызы «Исламдағы әйел мәртебесі» тақырыбына тоқталып, отбасы құндылықтары, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы ізет пен құрметке құрылуы тиіс екендігін жеткізді.
⠀⠀⠀ ⠀⠀⠀
Психолог маман Эльмира Қайырғалиқызы әйел адамның психологиялық күйлері, энергетикасы қандай жағдайда жоғарылап, қандай жағдайда сарқылатыны туралы ақпарат берді.
Және Хромтау аудандық кітапханасында облыстық ақпараттық түсіндіру тобы «Әйел затына білім алудың маңыз» тақырыбын қозғады.
⠀⠀⠀
Алдымен білім алудағы ниеттің дұрыстығына мән беріп, ұстаз, жолдас таңдауда асқан мұқияттық таныту қажеттігі айтылды. Хакім Абайдың 1-қара сөзі талқыланып, қазіргі қоғамдағы өзектілігі сөз болды. Келушілер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, отбасы, ене мен келін қарым-қатынасы деген сияқты сауалдарына мамандардан жауап алды.

Комментарии закрыты.