dffe18ea-b53d-4164-b7b4-62d89a6a4884

АЛҒА АУДАНЫНЫҢ ДІНИ АХУАЛЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛІП, ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Аудандардағы діни ахуалға талдау жүргізу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық ақпараттық түсіндіру тобы іссапармен Алға ауданында болды.
⠀⠀⠀
Облыстық ақпараттық түсіндіру тобы құрамында «Аңсар» орталығының басшысы Жаншин Н., Облыстық дін істері басқармасының бас маманы Давлеткалиев А., «Аңсар» орталығының теолог маманы Панаев Н. болды.
⠀⠀⠀
Іссапар барысында Алға ауданы әкімінің орынбасары Әнуарбек Жеңісұлының төрағалығымен дін мәселелері жөніндегі аудандық ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс тиімділігін арттыру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Нұрсұлтан Берікұлы діни ахуалды жақсарту турасында баяндама жасады. Атап айтсақ, 2020 жылға жұмыс жоспары нақтыланды; @qogam.gov.kz министрлігі бекіткен негізі 3 жұмыс бағыты (ақпараттандыру, оңалту, ғаламтор желісіндегі қарсы насихат) түсіндірілді; Ақпараттық түсіндіру тобына енгізілген мамандардың жұмысқа толыққанды тартылуы тапсырылды;
⠀⠀⠀
Бұдан бөлек, орталық басшысы аудан әкімімен кездесіп, діни ахуалды жақсарту мақсатында бірқатар ұсыныстар берді. Келесі іссапар Қарғалы ауданында жалғаспақ.

Комментарии закрыты.