85097313_2506486553013137_2304571316641988608_n

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының қызметкерлері жыл басында бекітілген аудандарындағы діни ахуалға талдау жүргізу және әдістемелік көмек көрсету жұмыс жоспарына сәйкес Мұғалжар ауданына іссапарға шықты.
⠀⠀⠀
Ақпараттық түсіндіру тобы құрамында Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Р.Құлдыбаев, басқарманың бас маманы А.Давлеткалиев және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары, теолог Т.Талдыбаев, бөлім басшысы, психолог Н.Разақов болды.
⠀⠀⠀
Жұмыс барысында АТТ құрамы аудан әкімі А.Шериязданов төрағалық еткен жиында жалпы аудан бойынша діни ахуалға талдау жасап, діни ахуалды жақсарту мақсатында аудандық ақпараттық түсіндіру тобына нақты тапсырмалар берді.
⠀⠀⠀
Сонымен қатар, іс-сапар аясында теологтармен жамағат арасындағы топтық және жеке кездесулер өткізіліп, құптан намазы уақытында аудандық мешіттерде уағыздар жүргізілетін болады.

Комментарии закрыты.