85178634_2505738046421321_7067892534139158528_n

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА

Ақтөбе облысына қарасты аудандардың діни ахуалына талдау жүргізу және әдістемелік көмек көрсету жоспарына сәйкес облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Қарғалы ауданында болып қайтты.
⠀⠀⠀
Ақпараттық түсіндіру тобы құрамында облыстық дін істері басқармасының бас маманы Б.Бірімжанов, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин болып, ауданның діни ахуалын талдап, мемлекет бойынша 2020 жылы негізге алатын жұмыс жоспарын түсіндірді.
⠀⠀⠀
Сонымен қатар Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Айдосов Бақыт Сағидоллаұлының қабылдауында болып, діни ахуалды тұрақтандыру бойынша екі жақты пікір алмасты.
⠀⠀⠀
Бұдан бөлек тұрғындардың діни сауалына жауап беретін «Сенім телефоны» қызметін іске қосу, ғаламтор кеңістігінде жат ағымдарға қарсы насихатты күшейту, ақпараттық түсіндіру тобы құрамына білікті мамандарды тартырып, олардың жұмысқа толыққанды атсалысуы тапсырылды.

Комментарии закрыты.