86757832_2509950126000113_6193404306108973056_o

ЫРҒЫЗ ЖАМАҒАТЫНА ДАСТАРХАН БАСЫНДА УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Н.Такеев Ырғыз жамағатымен еркін форматта дастархан басында кездесіп, уағыз-насихат айтты.
⠀⠀⠀
Насихат «Дінді біліммен ұстану» тұрғысында болып, соқыр сенім мен фанатизмнің соңы адасуға жолықтыратынын түсіндірді. Дінде «Ғылымды тал бесіктен жер бесікке дейін ізде» деп оқу-білімді адамның ғұмыр бойына ізденуі шарт екендігі айтылды.
⠀⠀⠀
Немесе «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?…»(Зүмәр сүресі, 9) деген секілді аяттармен әркез ақылға жүгініп, оймен саралауға шақырды.

Комментарии закрыты.