86223928_2507340169594442_6796594804558921728_n

«ҚЫЗ БАЛАНЫҢ БІЛІМ АЛУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ» ТАНЫМДЫҚ САҒАТЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен әр бейсенбі өтетін мәдени-танымдық, рухани шаралар жалғасын табуда. Сондай шараның бірі «Қыз баланың білім алуының маңызы» тақырыбына арналды.
⠀⠀⠀
Танымдық дәрісті «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Бисембаева Роза ұстаз жүргізді. Дәріс барысында білім алудың маңызы, білімге деген қызығушылықты арттыру, білім жолындағы қиыншылықтарға төзу, жақсы ұстаз таңдай білу турасында сөз қозғалды.
⠀⠀⠀
Аруларымыз сұрақтарын қойып, білім алуға еш уақытта кеш болмайтынын тағы бір мәрте түсінді. Пайдалы ақпаратқа толы, емен-жарқын ашық отырыс үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Комментарии закрыты.